Жақында М.Есламғалиұлы атындағы орталық кітапханада «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды.
«Парасат жолы» жобасы – ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба.
Ең алғашқы болып облыстық кітапхана базасында «Парасат жолы» орталығының ашылу рәсіміндегі лента қию құрметіне «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің қызметкері Мүсірбек Айташев пен зейнеткер ұстаз Ахмет Батыршин ие болды.
Шара кезінде орталық кітапхананың директоры Айнұр Уалиахметова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Галимов, ардагер ұстаз Ахмет Батыршин, журналист Мүсірбек Айташев, кітапханашы Дина Қажғалиева ойлы пікірлерімен бөлісіп, сөз сөйледі.
«Парасат жолының» кітапханалардан бастау алуы заңдылық деп білеміз, себебі парасаттың қайнар көзі – кітапта.
Шарада жерлес ақын-жазушылардың адалдық, парасаттылық жайында жазған шығармаларын Р.Мухамбеткалиева, Л.Бергалиева, Э.Альденова оқыды.
Орталық кітапханада арнайы «Парасат жолы» бұрышы ашылды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz