Облыстық теларнадан көрсетілмек өнер кеші «Сал Мұхит – ән Мұхит» деп аталады. Сценарий авторлары – Мергүл Жакупова мен Самға Серікова. Халық композиторы, әнші, ақын, күйші, домбырашы Мұхит Мерәліұлының өнер жолы арқылы ұрпаққа аманат қылып қалдырған асыл мұрасын бүгінгі күннің жалғасы, облысымыздың белгілі әнші-термешілері ой толғап сомдайды.
Сал Мұхит әндерін танымал әнші-термешілер ҚР Еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Кәкімов, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сағадат Рахметжанов, Халықаралық әнші-термешілер байқауларының лауреаттары Асхат Оразов, Күләш Қуанышқалиева, Бейбіт Қажығалиев, Фархат Оразовпен қатар, кейінгі толқын өкілдері Назгүл Кабиева, Кенесары Болғанбаев орындайды.
Жергілікті әншілер «Алаш» этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен де өнер көрсетеді.
Айта кету керек, мерекелік бағдарлама 21, 22, 23 наурыз күндері "AQJAYIQ" телеарнасынан көрсетіледі.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz