22.03.2021, 19:44
Оқылды: 44

 Казталовта мерекеге орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Наурыз мерекесінің ерекше нышанының бірі - үлкеннің кішіге ізет, кішінің үлкенге құрмет көрсетіп сәлемдесуі. Дана халқымыз қонақты сәлемінен де тани білген. Казталовтықтар да бұл үрдісті ұлықтау мақсатында ауданымызға еңбегі сіңген еңбек ардагерлерінің шаңырағында болды. 36BAA60F-7899-4955-A0CE-AF44CDAF9DD2

Айтулы мерекеде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық мәдениет үйінің ұжымы ауданымызға белгілі еңбек ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтап, жырдан шашу шашты. Ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, бата берді.

 Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы Президентіміздің Наурыз мейрамын ерекше атап өту бастамасын қолдай отырып, ізгі амалдарды насихаттауды қолға алдық деп ерекше атап өтті.

 - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтау сөзінде бұл мейрамды ерекше атап өту керектігін алға тартқан болатын. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген биылғы Наурыз мерекесін ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында атап өтіп отырмыз. Нақтырақ айтар болсақ, даңғазалық пен ысырапшылдыққа салынбай, қайырымдылығымыз бен ізгілігімізді, амандасу әдебін, үлкенге құрмет көрсету — парыз екенін насихаттап жатырмыз. Бұл үрдіс бұдан кейін де жалғасын табатын болады. Ал біздің амалдарымыз ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала бермек, - деді аудан әкімінің орынбасары.

 Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале