5.04.2021, 11:02
Оқылды: 93

Жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Бұл ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады, деп хабарлады egemen.kz.

C6A54C21-ECDB-4D07-AA1A-8EEF3CDC5AD7

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

Жазушы «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарған.

«Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

Қазақстанның халық жазушысы биыл 24 сәуірде 84 жасқа толар еді.

zhaikpress.kz

Суреттің дерекөзі: abai.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале