Өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын 2017-2020 жылдары жүзеге асыру барысында 6 мыңға жуық шара ұйымдастырылып, 5 миллиардтан астам қаражат жұмсалды. Іс-шарамен 1 миллионға жуық қамтылды.
Жыл |
Іс-шаралар |
ЖБ-тен бөлінген қаражат |
Меценаттар қаражаты |
Қамтылған адам саны |
2017 |
543 |
199 млн. тг. |
60 жоба, 2 млрд. 581 млн. 864 м тг. |
25 450 |
2018 |
1579 |
139 млн. тг. |
252 жоба, 539 млн. 636 мың тг. |
194 550 |
2019 |
2677 |
87 млн. тг. |
195 жоба, 711 млн. 448 мың тг. |
260 000 |
2020 |
745 |
24 млн. тг. |
138 жоба, 1 млрд. 51 млн. тг. |
406 000 |
«Туған жер» арнайы жобасы аясында демеушілер мен меценаттардың көмегімен 4 миллиардтан астам қаражатқа 645 жоба жүзеге асырылды.
Атап айтсақ: 5 фельдшерлік - акушерлік пункт (Казталов, Теректі аудандарында), Шыңғырлау ауданында Утва өзені бойынан өтетін көпір, спорттық кешендер салынып, саябақтар мен алаңдар абаттандырылды.
2020 жылы меценаттардың демеушілігімен Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында – мәдени-спорт кешені, Казталов ауданы Жаңажол ауылында – фельдшерлік-акушерлік пункті, Казталов ауданы Қособа ауылында – бастауыш мектеп, Орал қаласы Зашаған кентінде – көпбалалы анаға тұрғын үй және 4 мәдениет нысаны («Алаш орда және Қайыржан Хасанов» мұражайы – Қаратөбе ауданының орталығы, «Жұбан орталығы» мәдениет үйі – Ақжайық ауданының орталығы, «Ерсары батыр» кесене Сырым ауданы Шолақанқаты ауылы, «Пять поколений» саябағы – Орал қаласы) салынды.
Төтенше жағдай кезінде меценаттармен 120 миллион теңгеге медициналық құралдар мен дәрі-дәрімектер (160 дана оттегі концентраты, 400 пульсоксиметр) алынып, облыстағы медициналық мекемелерге табысталды.
Орал қаласында 2017 жылы меценаттардың демеушілігімен «Рухани жаңғыру» музейі ашылды. Музей еліміздің және Батыс Қазақстан облысының жетістіктерін бейнелейтін 500-ден астам экспонатпен жабдықталған. Ашылған сәттен қазіргі уақытқа дейін музейге келушілер саны 16 мыңнан асады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында 2018 жылы Сырым ауданында орналасқан «Алаш орда үйі» республикалық байқауда «Үздік мұражай» аталымы бойынша 1-орынды иеленді.
Сонымен қатар аталған жоба аясында облысымызда мәдени-туристік кластерді дамыту бойынша 5 бағыт әзірленді:
1) «Бөкей орда киелі жерлері» (Хан ордасы);
2) «Алаш орда үйі»;
3) «Жұмағазы Хазрет» кесенесі;
4) «Алтын Ханшайым» Тақсай корғандарына баруымен;
5) «Жайық қалашығы».
Өңірде 47 тарихи-мәдени жәдігерлер бар, оның 7-уі жалпыұлттық Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген.
Олар: Жайық қалашығы, Бөкей орда тарихи-мұражай кешені, Тақсай қорған қорымы, Жұмағазы Хазірет кесенесі, ХХ ғасырдың көрнекті қайраткері Ғұмар Қараштың жерленген жері, Алаш музейі, Дәулеткерей Шығайұлының кесенесі.
Абайдың 175 жылдығына орай Орал қаласында Абай даңғылы ашылып, қалада орналасқан аялдамаларда Абайдың қара сөздері жазылған билбордтар, Абай алаңында тақтатастар орнатылды.
Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай Орал қаласында және Ақжайық ауданында ақынның ескерткіші орнатылып, онлайн форматта халықаралық ғылыми конференция өткізілді.
Бағдарламаны іске асыру кезінде әртүрлі БАҚ-та 15 мыңнан астам материал жарияланды.
zhaikpress.kz