22.04.2021, 15:39
Оқылды: 75

Оң баға берді

Сәуірдің 22-сі күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өңірдегі осы салада атқарылған жұмыстармен танысты. Министрді облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев алып жүрді.

 fdnj 1

Б.Мусин алдымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (АвтоХҚКО) болды. Мұнда жалпы аумағы 2500 шаршы метр болатын ғимарат халыққа қызмет көрсетеді. Бірінші қабатта операциялық зал, анықтама, күту залы, екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалары, дайын құжаттарды беру секторы, тексеріс өткізетін дәрігерлік кабинеттер, теориялық емтихан тапсыру кабинеті және диспетчерлік пункт орналасқан. Оған қоса АвтоХҚКО-ның өз автодромы бар. Күніне орта есеппен 1100 адам қабылдауға қауқарлы. Азаматтар мұнда қызметтің 600-ге жуық түрін ала алады.

fdnj 2

Орталық басшысы Нәдір Құрымбаевтың айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында орталық мамандары 32 788 мемлекеттік қызмет көрсетіп, 18 390 көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеген, 14 288 адамға жүргізуші куәлігін тапсырған. Қызметтер бірыңғай электронды кезек арқылы көрсетілуде.

авто 3

Министр осы жерде мемлекеттік қызмет алушы азаматшалардың біріне әзір болған жеке тұлға куәлігін өз қолымен тапсырды.

«Жалпы, жұмыс дұрыс жолға қойылған. Бір ұсынысым – электронды қолтаңба арқылы кіріп, қызмет түрлерін алуға болатын шағын бұрыштарды (интернетке қосылған компьютер) ірі сауда орталықтарынан да ашқан тиімді. Бұл кезекті азайтады. Қазіргідей пандемия жағдайында адамдардың бір жерге шоғырлануын болдырмайды», - деді Б.Мусин.

авто 4

Министр одан әрі «Smart Uralsk» ғимаратындағы №2 қалалық ХҚКО-ға барып, iKomek 109 бірыңғай колл-орталықтың қызметіне куә болды. Колл-орталық 2019 жылдың наурыз айында іске қосылған. Негізгі міндеті – азаматтардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында туындаған өзекті мәселелерін жедел шешуге көмектесу. Күні бүгін мұндай қызмет облыстың барлық аудандарында көрсетілуде.

н1

- 2020 жылдың наурыз айынан, яғни дертке байланысты елде төтенше жағдай жарияланған кезден бастап орталық мамандары тек коммуналдық сала бойынша ғана емес, сонымен қатар ковидке қатысты сұрақтарға да жауап бере бастады. Мысалы, азаматтар дәрігерге жазылу, үйге дәрігер шақырту, дәрілік препараттардың бар-жоғы, шектеу шараларына қатысты жағдай және басқа да сұрақтарына осы жерден нақты, әрі тез жауап ала алады, - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев.

н2

Ашылған уақыттан бері колл-орталық операторлары 201 247 телефон қоңырауын қабылдаған. Министр осы бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсуге шақырды.

н4

Келесі кезекте Бағдат Мусин осы ғимаратта орналасқан БҚО «IT-HUB» алаңын көрді. 2019 жылы жеке инвестициялар есебінен ашылған алаңда қазір цифрландыру саласын дамытуға мүдделі IT компаниялар жұмыс істеуде. Облыстық ақпараттандыру басқармасы мен «IT-HUB» арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылған. 2020 жылдың басынан бері ЖОО студенттері үшін web жасау бағдарламасы бойынша оқу ұйымдастырылған. Министр бұл идеяны құптап, әрі қарай өрістетуге тапсырма берді.

н6

Т.Ғабдірешұлы,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале