Батыс Қазақстан облысы футзал ассоциациясының ұйымдастыруымен оздырылған шағын футболдан БҚО чемпионатының 2019-2020 және 2021 жылғы біріншіліктерінің қорытындысы шықты.

Аталмыш жарыстың жеңімпаздар тобында Бәйтерек ауданы намысын қорғаған дарияндық «Геона» командасы үздік сегіздік қатарына енді.
Тобы жеңіске жетпесе де үздік өнерімен көпті баурап алған «Геонаның» ойыншысы чувашкалық Мирлан Жаурбек чемпионаттың «Үздік қақпашысы» атанды.
-Маусым қиын болды. Өткен жылғы жарыс та, биылғы чемпионат та пандемия кесірінен ойдағыдай өтпеді. Десе де ойнап шықтық. Келер маусымда жеңіске жетуге тырысатын боамыз,- деді Мирлан Жаурбек.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz