Кезінде атақты жырау Ақтан Керейұлы Жайыққа «жанды су» деп баға берген екен. Бүгінгі ұрпақ баба сөзін ертегідей көретіні анық. Өйткені қазір асау өзеннің арыны әбден басылып, «кеудесінде» шығар-шықпас құр жаны. Жайық бір күнде жағадан кеткен жоқ. Жылдар бойы жалғасқан жабайы әрекеттерден әуелі басты байлығы – бекіре таусылды. Бекіреден басқаны балық деп есептемеген ел шабақ ұстаса, шаттанатын күйге жетті. «Ештеңе етпес, мол сумен балықтың орны толады» деп өзімізді жұбатқан болдық.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 27 сәуір күнгі №33 санындағы журналист Тоқтар Ғабдірешұлының «Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress