27.04.2021, 9:44
Оқылды: 42

Байланысшы Букина

Ұлы Жеңіс Кеңес одағы үшін оңай келмегені анық. Адамзат баласына үлкен қасірет алып келген сұм соғыс бір сәтте миллиондаған адамның өмірін өзгертті. Тұтқиылдан келген жау бейбіт халықтың шырқын бұзды. Күнделікті тіршілігін жасап жүрген азаматтармен қатар, өрімдей қыздар да қолына қару алып, майдан даласына аттанды. Жас ғұмырын ел қорғауға арнаған сондай жанның бірі – Анна Букина.

 Букина1

Анна Эдуардқызы 1923 жылы Белоруссияда дүниеге келген. 1944 жылы мамыр айында өз еркімен майданға аттанған. Сол кезде 21 жаста болған жас қыз майдан даласында байланысшы болған. Өз мамандығын шебер меңгерген бойжеткен талай шайқастың куәсі болған. Әйел заты бола тұра Жеңісті жақындатуға зор үлес қосып, «Ерлігі үшін», «Кенигсберг қаласын алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Бейбіт заманда «Зенит» зауытында еңбек етіп, 1978 жылы зейнеткерлікке шыққан. Биыл 98 жасқа толатын майдангер-ана Орал қаласында ұрпағымен бірге ғұмыр кешуде.

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале