28.04.2021, 0:34
Оқылды: 50

Мақсат  –  мамандарды сапалы даярлау

Соңғы жылдары Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде, ең алдымен, жоғары оқу орындарының академиялық, басқарушылық, қаржылық дербестігінің өсуіне байланысты оң өзгерістер болып жатыр. Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту туралы 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы отандық жоғары оқу орындарына өздерінің дамуы мен ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін үлкен мүмкіндіктер берді.

25C364EE-E088-4BB7-8E35-B8F2B8A0AE87

Бірінші кезекте жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеуге, олардың мазмұнын анықтауға және ҚР БҒМ Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізуге мүмкіндік пайда болды. Бұрын жаңа мамандықтарды ашуға шамамен 1,5-2 жыл қажет болғанын еске алсақ, ал қазіргі жасалып отырған мұндай мүмкіндік жоғары оқу орындарының көрсетілетін қызметтің өзектілігін есепке алып, өз білім беру бағдарламаларын жедел әзірлеуіне және ендіруіне ықпал етеді. Бұл еңбек нарығының сұраныстарына және жұмыс берушілердің талаптарына тез ден қоюға мүмкіндік береді.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 28 сәуірдегі  №34 санынан оқи аласыздар.

Қ. Бозымов,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың құрметті ректоры, ректор кеңесшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының, ҚР Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале