1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Берекені көздеген ел тірлік жасаудан жалықпаған. Қазіргі заманда Қазақстан үшін ынтымақ пен тыныштықтың маңызы зор. Еліміз тыныш, ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан халық бірлікте, қоян-қолтық жұмыс жасаса, бір-біріне мейірім төгіп жүрсе, әлбетте, еліміз экономикалық, мәдени тұрғыда да дами түсері хақ.
Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге қашан да нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Елде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге тән нәрсе».
Біздің ауылымызда да татулық пен достық аясында түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп, қажырлы еңбек етуде. Әрқайсымыздың міндетіміз – бірлікті сақтап, дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға өз үлесімізді қосу. Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан достық пен сенім орансын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын!
Татьяна Погосова,
№ 2 аудандық саз мектебінің
оқу ісінің меңгерушісі
Бәйтерек ауданы