28.04.2021, 10:30
Оқылды: 83

Балық аулай білесіз бе?

Біздің облыс тұрғындары әуесқой балық аулаумен айналысқанды жақсы көреді. Ауа райы қандай болса да, қармақтарын алып, су жағалауында отырғанды қалайды. Балық аулауға шықпас бұрын су айдынының бекітілгендігін немесе резервтік екендігін білу қажет. Себебі бекітілген су айдындарында балық аулауға тек жолдама алған уақытта рұқсат беріледі. Жолдаманы арнайы дүкендерден, су айдынының басындағы қорықшылардан алуға болады. Балық аулауға шықққанда жолдамамен бірге жеке куәлігіңізді алып шығыңыз. Бекітілмеген су айдындарынан (резервтік) бір балықшыға 5 келіге дейін ешқандай рұқсатсыз тегін аулауға болады. Бекітілген су айдындарының тізімін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы береді.

ACEAF399-13BB-4578-A734-B5A19C35DF87

Балық аулау қағидаларына сәйкес бөгеттердің, шлюздердің және көпірлердің жанында, сондай-ақ өзен немесе арнаның ағысымен жоғары қарай 1500 метр қашықтықтағы аралықта балық аулауға болмайды. Қандай жағдайда да су айдындарын ластауға тыйым салынады.

Балық аулауды сүйікті кәсібіне айналдырған жерлестеріміздің балық аулау қағидаларын сақтамаса, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР кодексінің 383-бабына сәйкес жеке тұлғаға 10 АЕК көлемінде, яғни 29 170 теңге айыппұл салынатындығын білгені абзал.

Гүлсара Ермұханова,

Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының бас маманы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале