Апта басында өңірде ұйымдастырылған экологиялық акцияның аясында Шаған өзеніне 7 мың данадай тұқы балығының шабағы жіберілді. Бұл игі іске «БҚО аңшылар және балықшылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы ұйытқы болды.
Жоғарыда аталған қоғамдық ұйым бес жыл бұрын құрылған болса, бүгінде оның құрамында 60-қа жуық қала тұрғыны бар. Әуесқой балықшылар өңірдегі өзен-көлдердің балығын көбейтуге ниетті. Төрт ай ішінде қоғамдастық мүшелері шамамен 600 мың теңге жинап, оған тұқы балығының шабақтарын сатып алды. Әр шабақтың орташа салмағы 70-90 грамды құрайды.
– Бүгінгі шара барысында Шаған өзеніне балық шабақтары жіберілді. Бұл шабақтардың салмағы күзге дейін 1,5-2 келіні құрау керек. Енді Котельников өзеніндегі балық қорын молайтуды көздеп отырмыз, - дейді экологиялық шараға қатысушы қала тұрғыны Марат Асқаров.
zhaikpress