Өңірдегі музейлерге сапар бастаған белгілі журналист Нұрымбек Жапақов бұл жолы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы, суретші Сәкен Ғұмаровтың музей-үйіне барды.
«Адам неге ойға бәрін жияды?
Бір басына солар қалай сыяды?
Түсінбесем, түсінбей-ақ қояйын,
Ғажап бірақ Ғұмаровтың қиялы!» деп жерлес ақын Айтқали Нәріков суретшіні өлеңіне қосқан. Бұл үй бұрын суретшінің ұстаханасы болған. Сәкен Ғұмаров – қазақ халқының өткені мен бүгінгісін жалғаушы көпір, аспан әлемін жермен байланыстырушы, Ақ Жайық өңіріне жұмбақ адам ретінде танылған философ суретші. Қылқалам шебері өзінің ұстаханасында жұмыс істеген. Ол 1937 жылы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. 1995 жылы 6 қаңтарда қайтыс болған. Жергілікті атқарушы билік шешімімен сол жылғы 20 маусымнан осы ғимарат суретші Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаровтың музейі ретінде ашылып, жұмыс істеп келеді.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 30 сәуір күнгі 2021 жылғы №35 санынан белгілі журналист Нұрымбек Жапақовтың «Бейнелеу өнеріндегі құбылыс музейден репортаж» атты мақаласында. Оқыңыз, оқырман!
zhaikpress