Бүгін Батыс Қазақстан облысында электронды ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім сынағы арнайы жабдықталған тестілеу базасында өткізілуде. Сынақтың алғашқы күні 172 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді. Оның ішінде 135 түлек – Орал қаласынан, 37 түлек Ақсай қаласынан тапсырды.

Биыл жаңа ереже бойынша мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады.

ҰБТ өткізу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталуда. Оқушылар 4 кезеңнен тұратын дезинфекциялық шаралардан өтіп барып, сынаққа кіреді.
Айта кетейік, тест «Бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» форматы бойынша өтіп жатыр.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі