13.05.2021, 12:07
Оқылды: 35

Қайырымдылықтан қалыс қалмады

"30 игілікті іс" акциясы аясында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің бастамасымен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық шарасы өтті.

 20210513_115720

«Қасиетті Рамазан айында біздің қызметкерлер мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуға ниет білдірді. Мүмкіндігімізше өзіміз білетін көпбалалы отбасыларға азық-түлік алып беріп, көмектесейік деп шештік. Жақыныңа жанашыр болып, жәрдемдескеннің өзі бір ғанибет», - дейді Орал қаласындағы №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Светлана Кусаинова.

Қайырымдылық жасау – өмірі, болашағы туралы ойланатын, келешек ұрпағына ізгі ниетті амалдарды қалдыруды қалайтын саналы адамзат өмірінің ажырамас бөлшегі. Сондықтан да бұл бір реттік қана шара емес. Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні де Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының бастамасымен өткен 50 отбасыға азық-түлік себетін таратуға атсалысқан болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале