Соңғы кездері жанашыр ауыл азаматтарының туған жеріне көмектесуі игі дәстүрге айналғандығы белгілі. Осы орайда Қаратөбе ауданына қарасты Шөптікөл ауылында ізгілікті іс жүзеге асты.
Шөптікөл орта мектебінің 2000 жылғы түлектері демеушілік жасап, ауыл тұрғыны Дархан Серікқалиевтің үйін көгілдір отын желісіне қосып берді. Ізгілікті іске демеушілік көрсеткен Шөптікөл орта мектебінің жиырма жыл бұрынғы түлектерінің қайырымдылығы – ауылдастарына үлгі.
– Үйіме табиғи газ желісін тартып беруге жәрдемдескен 1983 жылғы ауыл азаматтарына алғысым шексіз. Алдағы уақытта баспанама жылыту жүйесін жүргізіп алуға жұмыстанудамын. Қайырымды жандардың қатары көбейе берсін демекпін, - дейді шөптікөлдік Дархан Серікқалиұлы.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress