15.05.2021, 12:24
Оқылды: 13

Оралда Ораза айт мейрамына орай ұйымдастырылған ұлттық ойындар сайысында әскерилер үздіктер қатарынан көрінді

Оралда Ораза айт мерекесі орай Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындары арасында қазақтың ұлттық ойындары садақ ату, қой көтеру, қазақша күрестен және қол күрестен сайыс ұйымдастырылды. Бұл  айтулы шараға 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қатысты.

IMG-20210514-WA0049

Мерекелік шараға Ақжайық өңірінің бас имамы Сабралиев Бақытжан Құралбайұлы, Орал қаласы әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы қатысып, қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Шараның басты мақсаты - қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігін насихаттау.

IMG-20210514-WA0051

Сайыста қол күресі бойынша 70 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен 5517 әскери бөлімінің рота командирі аға лейтенант Бейсембай Ерасыл сайыстың ақтық мәресіне дейін жетіп, финалда әлем чемпионымен сынға түсіп екінші орынды иеленді.

Ал, қазақша күрес жарысы бойынша 70 кг салмақ дәрежесінде 5517 әскери бөлімінің атынан сержант Утегулов Жандос бақ сынап жүлделі екінші орынды иеленсе, 70 кг және одан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен аға лейтенант Нурсейтов Исатай да жүлделі екінші орынға қол жеткізді.

IMG-20210514-WA0046

Айта кетейік, Исатай жартылай финалда сайыстың ең ауыр 115 келі салмақ дәрежесіндегі спортшымен кездесіп айқын басымдықпен ұтып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

IMG-20210514-WA0047

Шараны қала тұрғындары отбасыларымен бірге тамашалап, жоғары деңгейдегі ұйымдастыруға риза болды. Сайыс жеңімпаздары диплом, медаль, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Капитан Ертұған Әубәкір

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале