18.05.2021, 0:05
Оқылды: 8

Трансұлттық қылмыспен байланысқан

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1967 жылы туған И.Дунаевский мен 1965 жылғы В.Малюкке қатысты үкім  шығарды.

 shutterstock_1724785

Үкімге ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабы 2-бөлігі (трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу), 297-бабы 4-бөлігі және 301-бабы 4-бөлігі негіз болды.

Мәлім болғанындай, 2020 жылдың ақпан айында Украина республикасының  «Данило», «Заварзин Кырыло» және И.Дунаевский, В.Малюк лақап есімді азаматтары (тергеуде анықталмаған тұлғалар) Қазақстан Республикасының аумағында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды дайындап, әрі қарай өткізу мақсатында трансұлттық қылмыстық ұйым құруға, оған қатысуға алдын ала топ құрып сөз байласқан.
Былтыр 23 ақпанда И.Дунаевский Минск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына, 8 наурызда Орал қаласына ұшып келіп, ұзақ мерзімге пәтер жалдап, топтың тағы бір мүшесі В.Малюкті күткен. И.Дунаевский 5 наурызда тұрғын үйдерді салу желеуімен жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашады. 12 наурызда В.Малюк Варшава қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына, келесі күні Оралға ұшып келген. И.Дунаевский мен В.Малюк Теректі ауданындағыАқсуат ауылының шетінен жеке тұрғын үй сатып алады. Үйдің айналасын екі метр биік қоршаумен қоршап, гаражды үшке бөліп, зертхана құрады. Оған қажетті құрал-саймандар алып, зертханада 30 543,06 грамм «мефедрон» және «онпирролидиновалерефенон» психотроптық заттар дайындайды. Сонымен бірге оларды өткізу үшін сақтаған. Сотталушылардың кінәсі олардың жауабынан басқа,куәлардың, сарапшылардың жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттері мен тінтухаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, телефон байланысының стенограммалары және мессенджердегі хат алмасулармен толық дәлелденді. ҚК-ның 297-бабы 4-бөлігі, 264-бабы 2-бөлігімен И. Дунаевскийге 19 жыл, В.Малюкке 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді, - деді сот үкімін оқыған аталмыш сот төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Ермаханов.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Айна Имашева,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале