Жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс мақсат-міндеттері – отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі.
Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы – таныстыру рәсімі); отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер; отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары; балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса); ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері; отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері); отбасының дарындары; отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты); қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы; жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік басшылыққа алады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайын ұйымдастыру комитеті Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізеді.
zhaikpress