24.05.2021, 9:28
Оқылды: 19

Мешіт жамағаты арасындағы білім сайысы

Жақында Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилмановтың бастамасымен, аталмыш мешіттің наиб имамы Бағдат Русланұлының қолдауымен  «Адамзаттың асыл тәжі әз-Мұхаммед с.ғ.с-нің өмірін жатқа айту» тақырыбымен мешіт жамағаты арасында білім сайысы өтті.

BE85C0CF-4D96-4980-A035-862EBA52851B

Алдымен Қажымұқан Елтайұлы сөз алып, ардақты пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен сыр шертсе, Руслан Шақаев білім сайысына қатысушыларға сәттілік тілеп, білімдерін бағалайтын төрешілер Қажымұқан Ғилманов, Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов, аталмыш мешіттің ұстазы Армат Қуанды таныстырды.

D202793E-ACBD-48D9-BEAE-7F53CC60063A

Мешіт жамағаты білім сайысына тыңғылықты дайындықтарын көрсетіп, қойылған сауалдарға толықтай жауап беріп, білім сайысын қыздыра түсті.

Шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

         Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале