1.06.2021, 17:46
Оқылды: 70

Кәсіподақ табиғат аясында демалыс ұйымдастырды

Орал қалалық №27 мектеп лицейі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Дубрава» демалыс базасында еңбек ұжымы үшін «Табиғат аясында серуен» шарасын ұйымдастырды. Басты мақсат – ұжымның бірлігін нығайту, жұмыстағы күйзелістің алдын алу, қызметкерлермен бейресми, ашық диалог алаңын қалыптастыру.

IMG-20210601-WA0042

№27 мектеп лицейі кәсіподағының төрайымы Мөлдір Қажмұратова: «Еңбек ұжымындағы бейресми, ашық диалогтардың қалыптасуы – еңбек қатынастарындағы мәселелерге жол бермейді», - дейді.

Бұл орайда кәсіподақ жұмыстары бірлестіктегі ардагер мамандар мен жас мамандардың тәжірибе алмасу, қызметкерлердің денсаулықтарын жақсарту, мамандардың құқықтық сауатты болу, тиімді, пайдалы демалыс күндерін өткізу шараларына бағытталады.
Аталмыш бастауыш кәсіподақ ұйымы 2015 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Құрамында 55-ке жуық кәсіподақ мүшесі бар.

IMG-20210601-WA0041

Кәсіподақ төрайымы, биология пәнінің мұғалімі, педагог сарапшы, 14 жылдық еңбек өтіліне ие маман Мөлдір Мұратқызы өз сөзінде: «Биылғы  оқу жылы біздің ұжым үшін жетістікке толы жыл болды. Бірақ, әр жетістіктің артында мыңдаған еңбектің жатқаны жасырын емес. Сондықтан да кәсіподақ мүшелерін алып, табиғат аясында демалыс күндерін өткізуді жөн көрдік. Маман сапасын жақсартуға, белсенділігін арттыруға бағытталған кәсіподақ ұстанымына әрдайым өзінің қолдауын білдіріп отыратын мектеп басшысы Гүлдана Ғаниятқызына алғысымды білдіремін, - дейді.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді ғана ынталандырып қоймай, мектеп қабырғасында жүріп қалалық, облыстық олимпиада жеңімпаздарын, үздік оқушыларды да марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстап тұрады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале