Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарында 687 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, мемлекеттік корпорациямен – 659, электрондық веб-порталымен – 629 қызмет. Және egov-mobile арқылы 28 мемлекеттік электрондық қызметті ала алады.
Халыққа қызмет көрсету орталығының қазіргі таңда атқаратын қызметінің маңызы зор. Ағымдағы жылы халыққа ұсынылған бағдарламаларда өзгерістер көп. Ақылы қызмет (платные услуги) көрсету мүмкіндігі барын естіп, аталмыш мекеменің басшысымен тілдескенбіз. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Тасқала аудандық бөлімінің басшысы Назым Ерболатқызы біраз ақпаратты алдымызға тастады. Солардың ішінде адам баласының алтын уақытын үнемдеу бағытында ойластырылған ақпараттарға көз жеткіздік.
– Мысалға, мен жаңадан үй салатын болсам, оның бастан асатын құжаттары бар екендігі сөзсіз. Оны әрбір тұрғын жақсы біледі. Егер жеке тұлға сол құжаттармен өзі жүретін болса, оған қанша уақытын жұмсайтындығы белгісіз. Шабысы біз ойлағаннан да көп. Оның үстіне жеке құжаттамамен айналысатындарға жолықсаңыз, оған төлейтін қаражатыңыз да екі есеге шығатыны сөзсіз. Ал егер халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, ақылы қызмет көрсететін маманмен келісімшартқа отырсаңыз, ол үшін артық уақыт жұмсамайтындығыңыз белгілі. Яғни текке сергелдеңге түспейсіз. Тек келісімшартта көрсетілген соманы төлесеңіз болғаны (Қазпошта арқылы), қалған шаруаларды халыққа қызмет көрсету орталығындағы персоналды менеджерлер тындырады. Және құжаттарды рәсімдеу жағынан көп уақыт үнемделеді. Тағы бір оқырмандарды түсіндіре кететін нәрсе, жеке тұлға келісімшартқа отырып, мысалға, 30 мың теңге салатын болса, сол салған сомасы біткенге дейін өзіне қажетті құжаттарды кез келген уақытта сұрата алады. Оның үстіне үйге дейін жеткізіп беру персоналды менеджердің міндетіне кіреді. Персоналды деп аты айтып тұрғандай, тек қана келісімшарт жасасқан жеке тұлғамен жұмыстанады. Әрбір көрсетілген қызмет белгіленген сомадан шегеріле береді.
Бұғаттау (брон)
Әуелі жеке тұлға үйінде отырып өзінің кезегін бұғаттайды (брон). Содан соң халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, келісімшарт жасайды. Содан кейін барлық қажетті құжаттарды тапсырыс арқылы өз үйінен күтетін болады. Негізінен пилоттық жоба ретінде 2018 жылы пайда болған еді. Бірақ биылдан бастап нақты күшіне енді. Бұл жақсы нәрсе. Тағы да өз уақытыңды текке жібермеу үшін ойлап табылған әдіс. Күннің ыстығы мен қыстың суығында кезек күтіп бірнеше сағат отырмау үшін арнайы қарапайым халыққа арналған жоба. Оның үстіне қазіргі таңда карантин. Пандемия кезінде кезек күтіп тұрудың өзі жақсы емес. Сондықтан үйіңізде жүріп қолыңыздағы телефон арқылы халыққа қызмет көрсету орталығының сайтына кіресіз де (1414) өзіңізге ыңғайлы уақытты белгілеп алып, бұғаттайсыз. Сосын телефоныңызға sms хабарлама келеді. Сол арқылы белгіленген уақытта барасыз да, қажетті құжаттарға тапсырыс бересіз немесе қол жеткізесіз.
Egov-mobile
Кейде тұрғындар арасында «үнемі базаларыңыз жасамайды» деп түсініспеушілік танытып жататындар бар. Бірақ ол сеть арқылы қызмет атқарып тұрған база болғандықтан, кейде орталықтан қайта қалпына (перезагрузка) келтіруге жіберіледі. Сол кезде облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары сәл ғана уақытқа жұмысын тоқтатады. Ол рас. Сол кезде сарылып кезек күтпей, қолыңыздағы телефонның бар мүмкіндігін пайдаланған жөн. Ол үшін телефондағы Play Market арқылы еgov-mobaile бағдарламасын көшіріп аласыз. Сонда бір реттік құпия сөз енгізіп, ЖСН-іңізді терсеңіз, барлық құжаттарыңыз алдыңыздан шығады. Тіпті жүргізуші куәлігі мен студенттік билетіңіз де аталмыш бағдарламада бар. Мекенжай арқылы өзіңіздің дәрігеріңіздің кім екеніндігін де анықтай аласыз. Бұл дегеніміз – өте қолайлы нәрсе. Адамдардың алтын уақытын текке жоғалтпау үшін жасалған дүние болғандықтан оқырманымыз білсін деген ниетпен бөлісіп отырмын, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық бөлімінің басшысы Назым Құрмышева.
Әсет Баян,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz