11.06.2021, 16:14
Оқылды: 45

Бәйтеректе желден әлеуметтік нысандардың шатыры ұшты

Күні кеше ғана жауған нөсер жаңбыр мен қатты желдің кесірінен Бәйтерек ауданы орталығындағы бірнеше мекеменің шатыры ұшты. Бұл жайында аудандық төтенше жағдай бөлімі хабарлады.

IMG_20210611_155732

- Шатырдың ұшуы аудан орталығында орналасқан екі әлеуметтік мекеме мен шаруа қожалығы ғимараттарында тіркелген. Сол себепті төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері нысандарды аралап, оқиғамен танысты.
Желдің қатты екпіні мен жауын-шашын салдарынан мекеме шатырлары ұшқан. Адам шығыны жоқ. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талғат Бекмұханов.
Сондай-ақ Переметный ауылындағы бірнеше үйді су басқан. Қазіргі таңда үйге кірген су толығымен арнайы құрылғы арқылы сорылған. Бұл жұмыстардың жүргізілгендігі жөнінде ауылдық округ әкімінің орынбасары Мирасбек Төрешев мәлімет берді.


Аружан Аманжол
,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале