«Бүгінгі таңда Орал қаласының аумағында жалпы орта білім беретін 50 мектеп бар. Жыл сайын қала халқы табиғи өсім және негізінен өзіміз өңірдің аудан-ауылдарынан облыс орталығына қоныс аударудың нәтижесінде көбейе түсуде. Осы фактор жаңа мектептердің салынуына тікелей әсер етуде. Сөйте тұра мен ел-жұрттың мына мәселеге баса назар аударғанын қалар едім: биылғы пән олимпиадаларының республикалық кезеңіне Орал қаласындағы мектептерден 27 оқушы қатысты. Солардың 11-і жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осы білім бәсекесінде тең құрбысының алды болған ұл-қыздарымыздың бәрі бірдей тереңдетілген білім беретін іргелі мектептердің шәкірттері емес».
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №48 санындағы газеттің бас редакторы Бауыржан Файзоллаұлының Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековпен «Оралда ортақ игіліктер жаппай қолжетімді болуы үшін жұмыстанудамыз» атты сұхбатынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz