16.06.2021, 20:29
Оқылды: 83

Жаңақала ауданында облыстық мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау өткізді

20210616_202459

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлы онлайн режимде азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады.

Жаңажол ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Е.Сисенғалиева «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің мәселесімен аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне тіркелген еді.

Өтініш иесінің сауалы бойынша А.Ермекқалиев онлайн байланысқа шығып, қазіргі таңда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға өтінім қабылдау басталғандығын тілге тиек етіп, қажетті құжаттар жинасуына көмек көрсететіндігін жеткізді. Сондай-ақ көпбалалы ананың мәселесін басты назарда ұстап, өз бақылауына алатынын айтты.

Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале