18.06.2021, 12:13
Оқылды: 51

Кәсіподақ мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы Батыс Қазақстан облыстық әкімі аппаратының басшылығымен бірге «Мемлекеттік қызмет – ұрпақтар сабақтастығы» атты мемлекеттік қызметшілерден құралған отбасыларға арналған шараны ұйымдастырды.

image-18-06-21-12-08-2

Аталмыш шараға «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен, облыс әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков және белсенді жанұялар мен БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен жастар қатысты.

image-18-06-21-12-08-1

Шара барысында отбасы мен мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген үлгілі жанұялар ортаға шығып, өз отбасы туралы баяндап, жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ қызықты бейнероликтер қосылып, әр отбасы өздерінің өнерлерін көрсетті.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен жиын соңында мемлекеттік қызметтің жауапты, маңызды сала екендігін тілге тиік етіп, сол қызметті абыроймен алып жүрген жанұяларға өз алғысын білдірді.

Шарада белсенділік танытқан қатысушылар облыс әкімі атынан Алғыс хаттармен марапатталса, «Қызмет» облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале