22.06.2021, 10:01
Оқылды: 68

Бала еңбегін қанауға жол жоқ!

12 маусым – Дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күрес күні. Осыған орай жыл сайын ел  аумағында маусымның 112-сі  күндері «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылып келеді. Бұл іс-шараны өткізуден өңіріміз  де қалыс қалған емес. Өткен аптада Орал қаласындағы Оқушылар сарайында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»  науқанының облыстық кезеңі  қорытындыланды.

69CC3453-F27D-4B1E-8045-EFF27F0B63FD

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиевтың төрағалығымен өткен аталмыш басқосуда науқан аясында атқарылған жұмыстар баяндалып, туындаған мәселелер талқыланды. Іс-шарада Орал қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Мәдина Құспанова, «Жас ұрпақ» жасөспірімдерді әлеуметтік дамыту орталығының меңгерушісі Қуаныш Дәкешев және қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов аталмыш науқан аясындағы міндеттер мен олардың орындалуы туралы мәлімдеді.

Еліміздің ұлттық заңнамаларында бала еңбегіне шектеу қойылған. Сондайақ бұғанасы қатпаған баланы мәжбүрлеп жұмысқа тартқан адамға қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Десе де, кәмелетке толмаған кей  бала  кафемейрамханаларда, сауда орындарында, аутокөлік жуу, құрылыста жұмыс істеп жүр. Олардың арасында  жасына сай емес ауыр жұмыстарға тартылып жүргендері де бар. Ондай жұмыстар баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіреді және психологиялық әсерін тигізетіні анық. Жиын барысында биыл бала еңбегін қанауға қарсы шаһар аумағында 56 рейд ұйымдастырылғаны айтылды. Оған 150 маман қатысқан.

– Жазғы маусымға Орал қаласы аумағы бойынша 700ге жуық жоғары сынып оқушысы

ата-аналарының келісімдері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылуда. Олар мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Жас ерекшеліктеріне сай, ҚР Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс режімі бойынша еңбек етуде. Оларға жергілікті бюджет есебінен 42 500 теңге көлемінде ең бекақы төленеді. Қоғамдық жұмысқа негізінен көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары мен есепте тұрған жасөспірімдер алынған. Осылайша, жоғары сынып оқушыларын еңбек етуге үйретіп, адал табыс табуға және ата-аналарына көмек көрсетуге бейімдеудеміз, - деді Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова.

Қала әкімінің орынбасары мемлекеттік құрылымдардың бала еңбегін қанауға жол бермеу мақсатындағы ісшаралар 12 күнмен шектелмейтінін, жыл соңына дейін жүргізілетінін атап өтті. Яғни қаладағы көпшілік орындарға рейдтер жалғаса бермек.

– «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» науқаны аясында 12 саяжай, аутобекет пен теміржол вокзалы, тоғыз базар, 11 аутокөлік жуу, 12 техникалық станса, көңіл көтеру орындары тексерілді. Рейдтік шара аясында  кәмелетке толмай жұмыс істеп жүрген тоғыз жасөспірім анықталды. Оның біреуі «Дубрава» кафесінде даяшы болса, тағы біреуі Шолохов көшесі бойында орналасқан «1001 түн» аутокешенінде көлік жуып жүрді. Ал алтауы ата-ана сына көмектесіп, батута еңбек етсе, бір жасөспірім жезөкшелікпен айналысқан. Кәмелетке толмаған ол қыз бала Түркістан облысының тұрғыны болып шықты, – деді Мәдина Құспанова.

Жиында «Қазақстан Ресубликасындағы баланың құқықтары туралы» заң мен Еңбек кодекстерінің баптары түсіндіріліп, балалар мен олардың ата-аналары біліп жүру қажетті айтылды.

Гүлім Ақап,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале