1941 жыл. 22 маусым. 1418 күн мен түнге созылған осынау алапат айқастың адамзат баласына сыйлаған қасіреті мен қайғысын ұмыту әсте мүмкін бе?! Тарих тақтасына қаралы күн болып жазылған сол екінші дүниежүзілік соғыстың алапат өрті тұтанғанына бүгін тұп-тура 80 жыл.
Ақ Жайық өңірінен қан майданға 82 930 адам аттанса, соның 55 мыңға жуығы туған топырағына қайта оралмады. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, тек Мәскеу түбіндегі шайқаста 2080, ал Сталинград қаласын фашистерден азат етуде 4 мыңдай батысқазақстандық ерлікпен қаза тапқан. Осы ретте төрт жылға созылған сұм соғыста 40 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры және 6 адам Даңқ орденінің толық иегері атанғанын айта кеткен артық болмас. Соңғы кезде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, бірақ оны алмаған 133 қазақстандық жауынгердің есімі анықталғаны да жиі жазылып жүр. Қазақтың қанатты қызы Хиуаз Доспановаға бертінде Халық Қаһарманы атағы берілгені және бар.
Қазір заман өзгеріп, ұрпақ жаңарды. Десек те, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» деген қанатты сөз ешқашан тарих сахнасынан түспек емес. Сондықтан біз бүгін арттарына айшықты із қалдырған батырларымызды кейінгі жас толқын біле жүрсін деген ниетте олардың өмірдеректеріне қайыра соғуды жөн көрдік.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №50 санындағы «22 маусым – Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл» айдарымен берілген материалдар топтамасынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz