22.06.2021, 10:31
Оқылды: 25

Газетке қолдау білдірді

Ақбұлақ ауылдық округінде мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастыру барысында кәсіпкерлер тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Мысалға, "Нұрсұлтан” шаруа қожалығының басшысы С.Кабаков өз қаражаты есебінен зейнеткерлер үшін 15 дана аудандық басылымды, “Бердыбай Бекзат” шаруа қожалығынан Хаятуллаев Мақсат ауылдың көпбалалы отбасыларына 10 дана аудандық, 5 дана облыстық басылымдарды алты айға тегін жаздырып берсе, «Айтмұхамбет» шаруа қожалығының жетекшісі Айтмұхамбет Акнуров өз кезегінде - 10, ал «Алтайыр» шаруа қожалығының басшысы Әлібек Имакаев та 5 дана «Серпін» газетін жаздырды.

20E59C0A-A708-4CFB-8F39-2D56815C6EA2

- Ауылдық округ тұрғындары, шаруа қожалық басшылары баспасөз науқанында белсенділік танытып, баспасөзге бір адамдай жазылуда. Мерзімдік баспасөзіне қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып, елмен етене араласып келе жатқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін, - дейді Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Бәйтенова.

А.Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале