22.06.2021, 12:25
Оқылды: 67

Жәнібектік көпбалалы анаға «Алтын алқа» төсбелгісі табысталды

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев ҚР Президентінің 2021 жылдың 3 маусымдағы №372926 Жарлығы бойынша жеті баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған Жәнібек ауылының тұрғыны Нұргүл Айтекешоваға «Алтын алқа» төсбелгісін табыстады.

а2

Сонымен қатар аудан басшысы көпбалалы ананың жағдайын сұрап, халық санының артуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, отбасы амандығын тіледі.

Өз кезегінде ардақты ана осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан ат үстіндегі азаматтардың баршасына рақметін айтып, ұрпақ болашағы жарқын болса деген ізгі ниетін білдірді.

а1

 Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале