24.06.2021, 15:51
Оқылды: 36

Колледждерге құжат 25 маусымнан бастап қабылданады  

Колледждерге құжат қабылдау 2021 жылдың 25 маусымында басталады. Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді.

0B0A6A94-D7BA-4B3C-9610-D1076B037A5E

Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі.

Білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Егер бұрын гранттар колледждер арасында бөлінген болса, енді олар талапкерлердің таңдауы бойынша беріледі. Мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады.

ТжКБ ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады. Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе ақпараттық жүйе «SmartNation» платформасы арқылы тапсыра алады.

581DC700-4C50-42B1-9763-ED99EA8AE64F

Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді.

Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады.

Биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале