Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мейрамына орай ұйымдастырылған облыстық байқауда әріптесіміз, Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев жеңімпаз атанды.
«Ауыл — ел бесігі» аталымы бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінген әріптесімізді облыс әкім Ғали Есқалиев марапаттап, 100 мың теңгелік сертификатты табыс етті. Елдің мұңын айтып, халықтың үнін жеткізіп жүрген әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Алар асулары мен бағындырар белестері мол екендігіне сенімдіміз!
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz