Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді насихаттап жүрген тілшілер қатысып, бақ сынады. Жыл сайын ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттырып, абыройын асқақтатып жүрген журналистер арасында Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің штаттан тыс тілшісі Құндыз Қадырбаева «Тіл – ұлт байлығы», «Жас ұрпақ тілден сүрінбесін десек...» атты қос мақаласымен «Үздік сайт мақаласы» аталымының жеңімпазы атанды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін «Ақ Жайық» телеарнасының мәжіліс залында өңірімізге танымал ақындар мен журналистер марапаттады.
Ақсұңқар Сәдір,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz