Әртүрлі пішіні мен түріне, тіптен көлеміне қарай атауы да бірнеше сұрыпқа бөлінетін қарбыз, әлбетте құнарлы дәруменге бай. Осы бір бақша өнімінің 60 және 90 күндік, тамыздың соңы мен қыркүйекте пісетін күздік, тіпті қыс маусымына сақтауға болатын қабығы қалың, тұқымы үлкен түрлері бар. Түркіменстан, Қарақалпақ, Өзбекстан республикалары мен еліміздің оңтүстік аймақтарында қарбыз-қауын тұқымын наурыз айының аяғында, кешіксе, сәуір айының басында егіп тастайды екен. Ал біздің өңірдің бағбандары бұл іске ауа райына байланысты қолайлы мезгілді тосып, сәуірдің аяғы мен мамырдың басында кіріседі. Өңір тұрғындары жергілікті өнім піскенше, өзге өңірден әкелінген қауын-қарбызды тұтынуда. Маусым айынан бері шаһарымыздағы базарларды айтпағанда, күрежолдардың бойы мен көшелерде аталмыш өнімнің «жабайы саудасы» қызып тұр.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 6 шілдедегі №54 санындағы белгілі журналист Сырымбек Жәрдемұлының «Қауын мен қарбыздан қауіп бар ма?» атты мақаласында.
zhaikpress.kz