БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдерін жеткізушілерге, басқа да қаржылық тұрақты құрылымдарға облыс шаруашылықтарына 2021 жылғы күзгі-далалық жұмыстарды өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберілу бағасы тоннасына 187 мың теңгеден дизель отынын облысқа жеткізу жұмыстарын орындауды ұсынады.
Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысуын жазбаша растауын және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының кеңсесіне 2021 жылғы 16 шілде сағат 15:00-ге дейін тапсыруын сұрайды.
Әлеуетті операторлардан арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға талап етілетін құжаттардың тізбесі:
- арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға өтінім (ілеспе хат);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (мұнай базасы) (Ф-2);
- мұнай базасын жалға алған жағдайда, мұнай базасының меншік иесі мен жалға алушы арасындағы жалдау шартының көшірмесі;
- мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы, оператордың шотында қажетті ақша қаражатының бар екені не кредиттік ресурстарға қол жетімді екені туралы банктің растамасы;
- Орал қаласына дейін жеткізуді ескере отырып, дизель отынының 1 литріне баға ұсынысы және негізделген калькуляция жабық (мөрленген) конвертте;
- дизель отынын өзіндік құны бойынша облыстың аудан орталықтарына дейін жеткізу бойынша баға ұсынысы;
- дизель отынын тасымалдауға арналған арнайы автокөліктің техникалық паспортының көшірмесі.
Барлық сұрақтар бойынша: Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі 75, 208-бөлме, тел.: 51-18-20 хабарласуға болады.