20.07.2021, 0:36
Оқылды: 36

Жылыжайдағы қарасора

Орал қаласының аумағынан арнайы жабдықталған бөлмеде тыйым салынған өсімдіктерді өсірген Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. 

D961AF8B-5BA8-4ABB-89C9-8F6427DD76AA

– БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 1985 жылы туған А.-ның мекенжайын тексерді. Тексеріс барысында үй жағдайында құрамында есірткі бар өсімдік өсіруге лайықталып жабдықталған зертхана табылды.  Қылмыс орнынан қарасора  сортына келетін 8 бұта мен арнайы құрылғы тәркіленді, – деді  БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры  М.Аблазимов.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заң-

сыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

26 түп қарасора тәркіленді

Ауласында қарасора өсірген  Бәйтерек ауданының тұрғыны  ұсталды. «Әуесқой  бағбанға»  қатысты қылмыстық іс қозғалды.

B7CCA576-4F12-4BD9-84EC-867D466503D2

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 1970 жылы туған  азаматтың  үй-жайына тінту жүргізді. Оның ауласынан ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті 26 түп  өсімдік табылып, тәркіленді. Сол жердегі шаруашылық сарайынан 4 қағаз түйіншек пен ерекше иісі бар қара-жасыл түсті құты табылды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Аталған фактіге сай ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале