Бәйтерек ауданы Дариян ауылы маңындағы орман жолағы өртке оранды. Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне тиесілі орман алабындағы өрт 14,5 гектар аймақты алды.
Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, аға лейтенант Жанболат Жасталаповтың айтуынша, тілсіз жау 10 гектардағы құрғақ шөпті, Дарьинск орман шаруашылығына тиесілі 4,5 орман алабын, сондай-ақ 24 жарық бағанасын жалмаған.
Абырой болғанда өрт соңы қайғылы оқиғаға соқтырмады. Десе де орман шаруашылығына айтарлықтай нұқсан келіпті.
– Түс ауа баcnалған отты сөндіруге13 ерікті өрт сөндіруші тобы,10 орман шаруашылығы қызметкері және Дариян ауылындағы № 22, Орал қаласындағы №2 өрт сөндіру бекетінің мамандары «Батыс Су Арнасы» және Дариян электр торабының қызметкерлері қатысты. Жалпы алаумен арпалысуға 19 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда тілсіз жау толығымен құрықталды, – дейді Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, аға лейтенант Жанболат Жасталапов.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz