Жуырда Тасқала ауданына қарасты Қазақстан ауылдық округінде оқушылар арасында футбол ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану, жастардың спортқа қызығушылығын ояту.
Тартысты өткен доп додасында I орынды «Сұңқар» командасы иеленсе, II орын «Барыс» командасына бұйырды. III орынды «Қыран» командасы қанжығасына байлады.
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Үздік ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар да аталымдарға ие болды. «Үздік шабуылшы» аталымына Бауыржан Турумбетов ие болса, «Үздік қақпашы» аталымына Дархан Ғалым ие болды.
«Екпін»,
zhaikpress.kz