20.08.2021, 17:33
Оқылды: 38

Киелі жерге экпедиция ұйымдастырылды

Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Борсы ауылындағы Ғұмар Қараш кесенесіне танымдық экспедиция ұйымдастырды. Жорыққа аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары шықты. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары тізіміне енген жерге барған жас толқын кесенеге мінәжат етті.

0000

- Экспедицияның басты мақсаты – туған жерімізді, тарихымызды, рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу, оны жастарға ұғындыру. Жастар арасында кесенеге келіп көрмегендер де бар. Ғұмар бабамыздың патриоттық рухқа толы жырларын оқыдық, - деді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық ортлықтың басшысы Мирас Нұржолұлы.

Экспедицияға шыққан Ақбота Ерғалиева қасиетті орынға барғанда ерекше әсерде болғанын айтады.

- Әк тастан қашалған, биіктігі 9 метрлік кесене алыстан менмұндалап тұр. Жәнібек ауылынан 100 шақырым шалғай жатқасын бұрын-соңды келмедім. Бұл Ғұмардың ата-бабасының жайлаған жері. Белгілі «Қараш көлі» де осы жерде. Алғаш рет киелі жерге табан тіреп, ашық аспан астында ақынның өлеңдерін оқыдық. Бұл басқа жерде оқығаннан бөлек әсер етеді екен, - дейді студент.

 

Әсемгүл Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале