28.08.2021, 13:25
Оқылды: 28

Халық санағында әрбір адам маңызды

Ұлттық санақ – елдегі демографиялық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық және басқа да қоғамдық өлшемдердің даму дәрежесін айқындайтын үлкен шара. 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында халық санағының екінші негізгі кезеңі өткізіледі.

 Халық санағында әрбір адам маңызды (1)

Бұл санақтың ерекшелігі – алдымен онлайн режимінде интернет сауалнама толтырылады. Алғашқы 45 күнде, яғни 1-ші қыркүйек пен 15-ші қазан аралығында интернет сауалнама өтеді. Онда виртуалды көмекші көмегімен www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтына интернет желісі арқылы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы саулнамадан өз бетінше өте алады. Санақ парақшаларын өзіне және отбасы мүшелеріне толтырылуына болады. Интернет сауалнамадан өту үшін www.sanaq.gov сайтына және сәйкестендіру нөмерін (ЖСН), жеке басын куәландыратын құжат нөмерін, ұялы телефон нөмерін, электронды пошта мен растау кодын  енгізеді. Содан кейін парольді көрсетіп, тіркеуден өтуге және жүйеге кіруі тиіс.

Санақ парағының сұрақтары мен жауаптары үшін қосымша түсіндірмелер қарастырылған. Санақтан өткен адамдардың ұялы телефонына және тіркеу кезінде көрсетілетін электрондық поштасына ұлттық халық санағынан өткені туралы бірегей нөмірі бар хабарлама келеді. www.sanaq.gov.kz мамандырылған сайтынан басқа онлайн режімінде egov.kz «Электронды үкімет» порталы, сондай-ақ «AITV» мобильді қосымшасы арқылы сауалнамадан өту мүмкіндігі бар.

Одан әрі 1-30 қазан аралығында интервьюерлер онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындар арасында (планшеттерде) сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаларды интернет арқылы толтырған адамдарға интервьюерлер сауалнама жүргізбейді. Сондықтан ұлттық санақ жүргізуге терең мән беріп, болашақ өмірімізді жақсарту мақсатында Қазақстан халқы мүмкіндігінше бірге атсалысу қажет. Бұл санақ біздің болашағымызды жоспарлап, әрбір адамға қажетті жағдай туғызу үшін Үкімет, депутаттарға қажетті мәліметтерді дайындап береді. Сол себептен дүние жүзінде індет ауыруынан сақтану үшін онлайн жүйесімен ауданымыздың кемінде 90 пайыз халқын онлайн жүйесінде санақтан өткізу міндеті тұр.

Оған ауданның барлық ауылдың округ әкімдері, жастар белсенділік көрсетіп, ағайын-туыс, көршілеріңізге түсінік беріп, мүмкіндік болса, онлайн жүйесімен санақ бергізуге көмектесуіміз қажет.

Ұлттық санақты өткізу кезінде интервьюерлерде өзімен бірге берілген күн мен қолданылу мерзімі көрсетілген, аумақтық статистика құрылымының мөрі басылған куәлік, халық санағының символкасы бар көк түсті мойынорағыш (шарф) пен көк түсті портфель болады.

Екінші негізгі кезеңінде әрбір адамның өз мекен жайлары бойынша нақты халық санағы жүргізілетін санақ парақтары:

-1-ПП «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» аталған тізімге елде тұрақты тұратын, уақытша болмағандар мен уақытша тұратындар және келушілерді қоса, үй шаруашылығының құрамына кіретін адамдар енгізіледі. Сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша 12 айдан кем жүрген адамдар;

  • 2-Ж «Тұрған үй жағдайлары» әр үй шарушылығының тұрғын үйінің жағдайларын сипаттайды;
  • 3-И «Жеке» елде тұрақты тұратын, уақытша жоқ және уақытша тұратын және келгендерді қоса, үйі шаруашылығының құрамына кіретін әр адамға толтырылады.

«Жеке» 3-И санақ парағының жобасы тоғыз бөлімнен тұрады.

1) жалпы сипаттамалар. 2) этномәдени сипаттамалары. 3) білім және сауаттылық. 4) көш-қон. 5) некелік жағдай. 6) туу. 7) жұмыспен қамтылу. 8) күнкөріс көздері. 9) тіршілік қызметінің шектеулері.

  • 4-В «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша 12 айдан кем жүргендер» (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) шетелде тұрақты тұратын, бірақ уақытша Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әр адамға толтырылады.

Еліміз бойынша санақтан өтуге міндеттілер:

- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты (әдетте) тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының желісі бойынша қызметтік міндеттерін (дипломатиялық корпус) орындаумен немесе ұзақ мерзімді қызметтік іссапармен, оқуға («Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса) байланысты 12 ай және одан көп мерзіммен шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олармен бірге жүрген отбасы мүшелерін қоса);

- тұрақты тұратын жері басқа елде, бірақ халықты есепке алу сәтінде Қазақстан Республикасы аумағында уақытша (12 айдан аз) жүрген шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

2021 жылы Қазақстан Республикасындағы халық санағы кезінде санақтан өтуге жатпайтындар:

- шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

- «Болашақ» халықаралық бағдарламасы және студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша оқитын студенттерді (магистранттарды) қоспағанда 12 ай және одан көп мерзімге шетелге жұмысқа немесе оқуға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (12 айдан аса болмайтын кезеңінің ұзақтығына қарамастан);

- өз мемлекеттерінің дипломатиялық  және басқа өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетел азаматтары, шетелдік әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері.

Қазіргі уақытта Ұлттық санақ жұмысының екінші кезеңін ұйымдастыру үшін санақ бастағалы еңбек етіп отырған екі нұсқаушыға қосымша 4 нұсқаушы-бақылаушы 27 иентервьюерлер жұмысқа алынады.

Қ.Жаймов,

Жаңақала аудандық статистика басқармасы бойынша

халық санағын өткізу жөніндегі уәкілі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале