3.09.2021, 10:46
Оқылды: 43

Бәйтеректе пайдаланылмай жатқан 30 мыңнан астам гектар жер бар

Жер – халқымыздың басты қазынасы, қастерлі Тәуелсіздігіміздің белгісі. Сондықтан да жер мәселесі стратегиялық маңызға ие.

51ac814f78f4dfbdea34fcd9d68696af_XL

Бәйтерек ауданы мол жер ресурсына ие. Ауданның біркелкі жер қоры  724 133 гектарды құрайды. Аумақ территориясында 98 мың га жер елді мекен болса, 35,1 мың га жер орман қорлары, 8,4 мың га телім өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер. Одан бөлеек 7,3 мың га, су қорының жерлері бар. Сондай-ақ 77,6 мың га запастағы жерлерді құраса, 150 гектардағы аймақ қорғалатын жер санатында.

Аудандағы көлемі 516,5 мың га жер телімі ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуда соның  257,3 мың га егістік, 137,2 мың га жайылымдық жерлер. Олардан бөлек 372,5 га көпжылдық екпе шөп 101,9 мың гектар тыңайған жерлер мен 16,3 мың гектар шабындық бар. Бұл мәліметті өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифинг барысында аудан әкімі Марат Тоқжанов айтты.

Аудан әкімі өз сөзінде пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі де жүріп жатқанын айтты.

- 2021 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жалпы көлемі – 35,5 мың га құрайтын 69 жер телімі анықталды. Пайдаланылмаған жер иелеріне жерді игеру қажеттігі және игрілмеген жағдайда мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа талап-арыз жолданатына жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Хабарламалар жолданды. Әр шаруа өзіне тиесілі жер телімдерін дұрыс пайдалануы керек, -деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале