БҚО полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Бәйтерек аудандық полиция бөлімі бірлесіп ұйымдастырған «Дәрмек» жедел профилактикалық іс шарасы өз нәтижесін беруде.
Жуырда Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылындағы С. есімді азаматқа тиесілі үйлердің ауласын тінту барысында 11 түп қарасора өсімдігі табылды.
Сондай-ақ аула ішіндегі қораны тінтіген полицейлер екі келіден астам марихуанна тапты.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚРқК 296 және 300-бабының 1 тиармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz