14.09.2021, 9:47
Оқылды: 40

Облыс – «сары аймақта»

Енді жиналыс, кеңес, семинар, конференцияларды қашықтан өткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда оффлайн режімде ұйымдастыруға болады. Тек ол үшін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (БМСД) 10 қыркүйектегі №42 қаулысының талаптарын сақтау керек.

bb61b3526e41c77a8fd42f1d6b85e73a_XL

Бұрынғы қаулы бойынша сауда үйлері «Ashyq» қосымшасымен сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары 00.00 сағатқа дейін жұмыс істеген еді. Енді олар өздерінің бекітілген жұмыс уақытына сай қызмет ете алады. Қоғамдық тамақтану орындары «Ashyq»-пен бұрынғыдан 2 сағатқа артық жұмыс істейді. Аталмыш қосымшаны іске қосқан театр, кинотеатрлардың да қызмет көрсету уақыты ұзарды. Ал «Ashyq» қосымшасына қосылмаған нысандар  сенбі, жексенбі  күндері жұмыс істемейді. Сондай-ақ жаңа оқу жылын штаттық режімде бастаған білім беру ұйымдары ҚР БМСД-ның биылғы 25 тамыздағы  №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысының талаптарын сақтауға міндетті.

– Қыркүйектің 11-де біздің облыс «сары» аймаққа енді. Бұл тұрғындардың індетке шалдығуының азайып келе жатырғанын көрсетеді. Егер облыс жеті күн бойы «сары» аймақта тұрып, індет жұқтыру көрсеткіші азайса, шектеу шараларын жеңілдету  мәселесі қаралады. Қазір жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлерінің екпе алуы немесе ПТР тесті арқылы жұмысқа кіргізуі жөніндегі алгоритм бойынша түсіндіру жұмысы жүруде. Бұл мәселе бойынша мониторингтік топтар рейд жүргізген жоқ, - деді жаңа қаулымен таныстырған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале