15.09.2021, 16:38
Оқылды: 57

Онлайн санақтан өткендар саны 3 млн адамнан асты

Екі аптада Халық санағының онлайн кезеңіне қатысқандардың саны 3 млн адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

сс
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов орталық коммуникациялар қызметінде өткен бифингіде мәлім етті. «Халық санағы басталған күннен бастап екі апта өтті.

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта ол тек онлайн режимде өтіп жатыр.

Санақ сұрақтарына жауап беруді бірнеше тәсілі бар. Бұл - арнайы Sanaq.gov.kz сайтын, eGov порталында авторзациялану арқылы, Aitu мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі бар.

Бүгінгі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, санақтан 3 млн 24 мың азамат өтті», - деді бюро басшысы. Еске салсақ, өткен аптада Қазақстан бойынша 3 мыңнан астам санақ бұрышы ашылған.

«Барлық Халыққа қызмет көрсету орталығында, ірі сауда орындарында, Қазпошта бөлімшелерінде халық санағынан онлайн өтуге арналған бұрыштар ұйымдастырдық. Оларда арнаулы кеңесшілер жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар тарапынан белсенділік байқалады. Біз өз тарапымыздан халыққа барлық жағдай жасауымыз керек. Алғаш рет цифрлық форматта өтіп жатқаннан кейін арнаулы сайт жасадық. Оның жұмысы жақсы жүріп жатыр. Халық тарапынан ынта жоғары. Ал санақтан онлайн өтуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға осындай бұрыш ұйымдастырдық. Бүкіл еліміз бойынша осындай 3 мыңнан астам бұрыш ұйымдастырылды», - деген болатын Нұрболат Айдапкелов.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале