Жуырда Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еркін күрестен жасөспірімдер арасында Бөрлі ауданының БЖСМ-нің біріншілігі өткен болатын. Осы спорттық шараға Шыңғырлау ауданының да командасы барып қайтты.
Аса бір қызықты, жанкүйерлері қолдау берген спорттық додада Мақсат Аманғалиев, Санжар Амангелді, Рахымғали Ғани, Бекзат Орынғалиев, Ислам Бердіғали ІІІ орындарға табан тіресе, Саян Бақтығали ауданымыздың мәртебесін көтеріп, жүлделі І орыннан көрінді. Жасөспірімдерді жаттықтырушы А.Саргенжиева жеткіншектердің аяқалыстарына разы әрі осындай спорттық шаралар оларды шыңдай түседі дейді.
Н.Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz