27.09.2021, 14:43
Оқылды: 54

Картоптың келісі 140 теңгеден

Жаздай тыным таппаған диқандар еңбегінің нәтижесін көретін берекелі күз келді.

0930AF5F-8BCB-4C1A-87AB-74669FC8E16D

Биылғы жиын-терінді аяқтай келген теректіліктер қамбаға 35 136 тонна дәнді дақыл салған екен. 62912 гектар жерге салынған дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 5,6 центнерден өнім түскен. Соның ішінде күздік салынған 28421 га алқаптан 7,3 ц/га өнімділікпен 20 684 тонна дән жиналған. Ал, 34 671 гектарға салған жаздық дақылдардың өнімділігі күздікке қарағанда төмен. Гектарынан 4,2 центнер шығым берген. Нәтижесінде 14 452 тонна бидай, арпа-тары, сұлы және т.б дән басылды.

28 625 гектарға салынған майлы дақылдардан әзірге 9784 тонна өнім алынған. Мақсары мен зығыр түгел орылып, бастырылған. Ал күнбағыс салынған 9237 гектар жердің жартысы ғана бастырылды.

-Көкөністер мен картоп салынған алқаптарда да жиын-терін аяқтала келді. 370 гектарға тігілген картоптың тек 260 гектары ғана жиналды. Алынған өнім – 3780 тонна. Алқаптың әр гектарынан 160 центнерден қазылғанын есепке алсақ, тағы 1500 тоннадай картоп алынады екен. Көкөністер жинау аяқталды. Ал, қырыққабат, қызылша мен сәбіз, пиязды жинау аяқтала келді. Бақшашылар алған өнімін қоймаға салып, жәрмеңке-базарға шығарып жатыр. Мысалы, «Балакирев» шаруашылығында саттықта картоптың келісі 140 теңгеден,- дейді Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айнұр Лұқпанова.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале