28.09.2021, 16:03
Оқылды: 93

Безос компаниясы ғарышқа жолаушылармен екінші рет ұшатынын хабарлады

Джефф Безостың Blue Origin компаниясы жолаушылармен екінші рет ғарышқа ұшатыны туралы хабарлап, экипаждың алғашқы мүшелерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Blue Origin сайтына сілтеме жасап.

11

New Shepard суборбиталды ғарыш кемесінің екінші рейсі 12 қазанға жоспарланған. Blue Origin алғашқы экипаж мүшелерін атады. Олардың ішінде NASA-ның бұрынғы инженері, ғарыштық спутниктерді дайындап, ұшыратын Planet Lab компаниясының негізін қалаушы Крис Бошуйзен бар.

"Бұл - менің бала кезден бергі арманым. Ең бастысы, бұл сапар студенттерді STEM мансабына ұмтылдырады және ұрпақты ғарышты зерттеуге ынталандырады деп ойлаймын. Біздің ғарыштағы болашақ өміріміз солардың қолында", - деді Бошуйзен.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале