4.10.2021, 12:15
Оқылды: 64

Балалар турнирі мәреге жетті

Бәйтерек ауданында спорт ардагері Александр Любавин мен футболшы Алексей Тереховты еске алуға арналған дәстүрлі облыстық футбол турнирі өтті.

любавин

Осымен 15-ші рет ұйымдастырылған аяқдоп бәсекесіне алаң иелері, Теректі, Сырым аудандары мен Орал қаласынан келген командалар қатысты.

-Өмірін спортқа, соның ішінде футболға арнаған Александр Сергеевич пен өмірден ерте өтсе де ауылдастарының жадында тамаша футболшы ретінде қала білген Алексей Генадиевичті еске алу турнирі ауыл балаларын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортқа баулиды. Футболды ерекше сүйетін ағайын талай бәсекеде аудан намысын абыроймен қорғай білген ұлдарын ұмытпай жүргеніне разымын. Бабы мен бағы қатар шапқан шын жүйрік жеңіске жетсін,-деді жарыстың ашылу салтанатында Александр Любавиннің жұбайы Роза Любавина. Одан бөлек турнирге арнайы келген футбол ардагері Бахыт Иргусаев Александр Сергеевич өз қалтасынан ақша шығарып, балаларды спортқа баулыған нағыз жанашыр болғанын айтса, спорт ардагері Иван Юнусов турнир ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп, аудан халқын талай қуантқан қос дүлдүлдің аты ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

любавин1

Айналмалы жүйе бойынша өткен балғын футболшылар жарысы көпшілікке тамаша көңіл-күй сыйлады. Қорытындысында Сырым ауданының футболшылары үшінші, теректіліктер екінші, Орал қаласынан келген "Байтерек" шағын футбол клубының жас ойыншылары бірінші орын иеленді.

Сондай-ақ командасының жеңісіне өзіндік үлесін қосқан Мадияр Жұмақай "Үздік қақпашы", Саят Бермағамбетов "Үздік қорғаушы", Ерсанат Тілепқали "Үздік шабуылшы" атанса, Фархад Болат турнирдің "Үздік ойыншы" аталымын жеңіп алды.

Балалар жарысынан соң ауданның спорт ардагерлері жолдастық турнир ұйымдастырып, өзара мықтыны анықтады.

любавин2

любавин 3

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале