6.10.2021, 17:26
Оқылды: 70

Ардагерлер үйінің жұмысымен танысты

Бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйіне М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлдана Аткешованың бастауымен колледж жанындағы жатақхана студенттері келді.

2A2DF27B-84AB-454E-99DA-DFAD6EC4E22A

Кездесуді ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев «Мейірімділік күндері» қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылып отырған бұл кездесудің маңызы зор екенін, ауданның аға буын өкілдері мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға үлкен мүмкіндік беретінін айтты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, Гүлдана Аткешова, колледждің жатақхана меңгерушісі Бағдагүл Халелова сөз сөйлеп, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде Г.Ғалымжанқызы белгілі ақын-жазушылар Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев және Әзілхан Нұршайықовтың кітаптарын ардагерлер үйіне сыйға тартты.

Бұдан кейін өнерге кезек беріліп, Нұрхат Есболатов «Менің әкем, ең жақсы адам», Сұлтанияр Ғұмаров «Сәйгүлік», Аманжан Айташев «Қариялар», Батырбек Ахметқалиев «Анаға сәлем» әндерін орындап, тыңдармандардың көңіл қылын тербетті. Сонан соң Амангелді Мырзағалиұлы студенттерді мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Кейін студенттер аға буын өкілдерімен және өзара шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд ойнап, бір жасап қалды.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале